Қазақстан Кубогының 1/8 финалындағы “Ақтөбе” мен “Елімай” арасындағы кездесу алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойынның бірінші таймы қос команданың сақ қимылымен есте қалса, екінші таймда Нани өз шеберлігін паш етті.
– 59-минут: Нани есеп ашты. Бұл оның Қазақстандағы және “Ақтөбе” жейдесіндегі алғашқы голы.
– 83-минут: Тәжірибелі шабуылшы дубль жасап, Ақтөбеліктердің басымдығын нығайта түсті.
Кездесу соңына қарай қонақтар сапынан Марин Беланчич алаңнан қуылғанымен, “Елімай” соңғы секундқа дейін айқасты. Төреші қосқан қосымша уақытта Рамазан Оразов бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда бұл гол Семейліктерді жеңілістен құтқара алмады.
Ойын өте тартысты әрі тәртіп бұзушылыққа толы болды. Төреші екі команда ойыншыларына жалпы саны 8 сары қағаз көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET