Жарнама
Жарнама

«Наполи» грузиялық футболшыны қатарға қосты

12.04.2022, 19:51
Футболшы келесі маусымнан бастап италиялық клубтың намысын қорғайды.
Жарнама
Жарнама

«Рубиннің» экс-футболшысы Хвича Кварацхелия мансабын италиялық «Наполиде» жалғастырады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Дереккөздің айтуынша, грузин шабуылшысы «Наполиге» ауысу туралы нақты мәмілеге келіп, алғашқы медициналық тексерістен өтіп үлгерген.

Кварацхелияға маусымдық жалақысы 1,5 миллион еуроны құрайтын бес жылдық келісім-шарт ұсынылған. Футболшы келесі маусымнан бастап италиялық клубтың намысын қорғайды.

«Рубин» үшін Кварацхелия 73 матч өткізіп, 9 гол соқты, 18 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров