«Манчестер сити» сұрмергені норвегиялық Эрлинг Холанд Италия біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін еді. Бұл туралы «Наполидің» Президенті Аурелио Де Лаурентис айтты.
Аурелио Де Лаурентис: «Мен Эрлинг Холандты «Зальцбургтен» 50 млн еуроға сатып алудың алдында болғам. Ресми ұсыныс дайын тұрды. Алайда, Мино Райола маған «Эрингті шақырмай-ақ қойшы, мен оның ауысатын жаңа клубын тауып қойдым» деді.
Айта кетейік, осы маусымда норвегиялық футболшы «Манчестер сити» сапында 30 ойынға қатысып, 27 голдың авторы атанды. Командаластарына 6 голдық пас шығарып берді. Transfermarkt интернет-порталы Холандтың нарықтағы бағасын 180 млн еуро депті. АПЛ-дегі үздік форвардтың қалалықтармен келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін екен.
Біздің серіктес: FONBET