Жарнама
Жарнама

Не істеп жатсың “Ақтөбе”? – “Боруссия Дортмунд” аңызы “Қызыл-Ақтарға” қосылмақ

Бүгін, 16:46

Қазақстан футболында нағыз сенсация орын алуы мүмкін. Дортмундтық "Боруссия" мен Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Марко Ройс мансабын Қазақстан Премьер лигасында жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Инсайдер Иван Карповтың мәліметінше, "Ақтөбе” футбол клубы 36 жастағы жартылай қорғаушыға ресми ұсыныс жасаған.

Марко Ройс — шабуылдаушы жартылай қорғаушы және вингер позициясында өнер көрсетеді. Оның спорттық жолы туған қаласы Дортмундта басталып, кейіннен "Рот-Вайсс Ален" және "Боруссия Мёнхенгладбах” клубтарында жалғасты. Мёнхенгладбахтық ұжым сапында ол 2009-2012 жылдар аралығында Бундеслиганың 96 матчында 40 гол соғып, өзін үздік қырларынан танытты.

Дортмундтық кезең және жетістіктері

2012 жылы Ройс туған клубы — "Боруссия Дортмундқа" қайта оралып, команданың басты тұлғасына әрі капитанына айналды. 12 маусым ішінде ол:

– Бундеслигада 391 матч өткізіп, 156 гол соқты және 118 нәтижелі пас берді.

– Екі мәрте Германиядағы "Жыл футболшысы” атағын иеленді.

– Клубпен бірге екі рет Германия Кубогын (DFB-Pokal) және үш рет ел Суперкубогын (DFL-Supercup) жеңіп алды.

Дегенмен, жиі қайталанатын жарақаттар оның әлеуетін толық ашуға және көптеген маңызды турнирлерге қатысуына кедергі келтірді.

Халықаралық мансабы мен жаңа белес

Германия ұлттық құрамасы сапында Ройс 48 ойын өткізіп, 15 голдың авторы атанды. Өкінішке қарай, ауыр жарақаттың кесірінен ол Германия жеңіске жеткен 2014 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмады.

2024 жылдың тамыз айында Марко Ройс мансабында жаңа бет ашып, АҚШ-тың МЛС лигасындағы "Лос-Анджелес Гэлакси” клубымен 2026 жылға дейін жарамды келісімшартқа отырған болатын. Солай, 1 жарым жылдан бері ЛА клубының намыс қорғап келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров