Жарнама
Жарнама

Негрейра ісі жаңа кезеңге өтті – “Барселона” расымен де ұзақ жылдар бойы төрешілерге пәре беріп келді ме?

28.10.2025, 20:57

"Барселона" тағы да үлкен даудың ортасында қалды. Испания соты клубты заңды тұлға ретінде жүйелі корпоративтік жемқорлық айыбымен ресми түрде айыптады.

Жарнама
Жарнама

Бұл шешім Негрейра ісіне байланысты тергеудің шешуші кезеңіне айналып отыр — Испан футболының беделіне сызат түсірген ең ірі жанжалдардың бірі қайтадан қыза түсті.

Тергеу дерегіне сүйенсек, "Барселона” шамамен 7,2 миллион еуроны 2001 жылдан 2018 жылға дейін Испания төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейраға және оның компанияларына төлеген. Ресми түрде бұл төлемдер "төрешілер туралы кеңес беру қызметі” ретінде көрсетілген, алайда тергеушілер бұл ақшалардың нақты мақсаты төрешілер шешіміне ықпал ету болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Барселона қаласының 1-ші тергеу сотының судьясы клубқа тағылған айыпты ресми түрде жария етті. Тергеу барысында клубтан Негрейрамен байланысы бар Dasnil 95 SL және Nilsad SCP компанияларымен жасалған түпнұсқа келісімшарттарды 20 күн ішінде ұсыну талап етілді.

Алайда, қызығы сол — клуб бұл құжаттарды 2021 жылы да сұратқан кезде "мұндай жазбалар мұрағатта жоқ” деп жауап берген еді.

Тергеу аясында "Барселона” президенті Жоан Лапорта 25 қарашада сот алдында жауап береді. Сот оның бірінші президенттік кезеңі (2003–2010 жж.) кезіндегі төлемдерге қатысты түсініктеме сұрайды.

Бұған қоса, бұрынғы бас бапкерлер Луис Энрике мен Эрнесто Вальверде де куә ретінде шақырылып, Негрейраның есептері тактикалық шешімдерге әсер етті ме деген сұрақтарға жауап береді.

Ал клубтың бұрынғы президенті Жоан Гаспарт 2000–2003 жылдар аралығындағы қаржы операциялары бойынша 2026 жылдың ақпанында жауап береді. Қазіргі вице-президент Элена Форт болса, 27 қаңтарда қазіргі басқарма атынан түсініктеме береді.

Бұл айыптау "Барселонаның” беделіне зор нұқсан келтіруде. Клуб өз кінәсін мойындамай, "ешқашан төрешілерге әсер етуге тырыспадық” деп мәлімдеп келеді. Дегенмен сот ісі алға жылжып жатыр, ал алдағы айларда өтетін жауаптар клуб тарихындағы ең ауыр даудың жаңа деректерін ашуы әбден мүмкін.

Егер айыптар дәлелденсе, бұл оқиға "Барселонаның” беделіне ғана емес, Ла Лига жүйесіне де үлкен соққы болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров