Жарнама
Жарнама

Неймар ауыр жарақат алды

14.12.2020, 17:35
Бүл жағдай матчтың соңғы минуттарында орын алды.
Жарнама
Жарнама

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймар «Лионға» қарсы ойынның соңғы минутында ауыр жарақат алды (0:1).

Дәрігерлер бразилиялық футболшыны зембілмен алып кетті. Ауыр жарақат алған Неймар көз жасына ерік берді.

Бразилиялық шабуылшыға қарсы ереже бұзған Тиаго Мендес алдымен сары қағаз алды, алайда, төреші бейнеқайталауға жүгініп, өз ойын өзгертті және «Лион» футболшысына қызыл қағаз көрсетті.

Парижде «Парк де Пренс» стадионында Франция чемпионатының 14-тур матчы өтті. ПСЖ өз алаңында «Лионды» қабылдады. Кездесу минималды есеппен қонақтардың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 35-минутта Тино Кадевере соқты. ПСЖ соңғы бес кездесуде екінші рет жеңіліске ұшырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров