Жарнама
Жарнама

Неймар «Барсаға» керек пе?

11.06.2020, 02:59
«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар жазда клуб ауыстырғысы келеді деп жазады Mundo Deportivo басылымы.
Жарнама
Жарнама

Бразилиялықтың «Барселонаға» қайтқысы келетіні жасырын емес. Неймар өткен жылы-ақ ауысып кеткісі келіп еді, клубтар трансфер қаржысына келісе алмай қалды. Аяқдопшының ПСЖмен келісімі 2022 жылға дейін есептелген. Ал осының алдында «Барселона» Неймарды сатып алудан бас тартқаны туралы ақпарат шықты. Себебі, «Барсада» қазір қаржылық дағдарыс орын алып тұр. Марканың ақпаратына сенсек клуб футболшылардың жалақысын тағы да түсіруді жоспарлап отыр. Мамыр айының соңғы аптасында олардың жалақысы 70 пайызға қысқарды. Енді маусым айының алғашқы екі аптасында 50 пайызға қысқартпақшы. Бірақ, жалақының қысқартуына футболшылар қарсы болыпты. Олар наурыз айында жалақыларын 70 пайызға қысқартқан еді. 


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров