ПСЖ клубы бразилиялық шабуылшы Неймардың коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.
Клуб медициналық хаттама бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Сондай-ақ, коронавирус жартылай қорғаушылар Ленадро Паредес пен Анхель Ди Мариядан да анықталды. Үш ойыншы да Ибицада бірге демалған болатын. Мауро Икарди, Андер Эррера және Кейлор Навас та олармен бірге болған. Осылайша, аталған ойыншылар екі апталық карантинге жіберіледі.
28 жастағы Неймар «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді, барлық турнирлерде 85 матч өткізіп, 70 гол соқты және 41 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET