ПСЖ мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Боливияға қарсы (5:0) 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында 18 сәтті дриблинг жасады, деп хабарлайды OptaJavier. Бұл Opta ресми статистикалық порталының мәліметінше, 2009-2010 маусымнан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейінгі рекорд аргентиналық Лионель Мессиге тиесілі болған - 2011 жылы ол Колумбияға қарсы матчта (2:1) 15 сәтті дриблинг жасады.
Кеше Сан-Паулуда (Бразилия) «Арена Сан-Паулу - Коринтианс» стадионында 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 1-туры матчында Бразилия ұлттық құрамасы Боливияны қабылдады. Кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 5:0. Матчтың 16-минутында бразилиялық қорғаушы Маркиньос есеп ашты. 14 минуттан кейін Роберто Фирмино осы кездесудегі алғашқы голын соқты, ал екінші таймның басында ол дубль авторы атанды - 3:0. 66-минутта Боливия қорғаушысы Хосе Мария Карраско допты өз қақпасына кіргізіп алды. Матчтағы қорытынды есепті 73-минутта жартылай қорғаушы Филиппе Коутиньо қойды - 5:0.
Біздің серіктес: FONBET