Жарнама
Жарнама

Неймар: «Месси мен Роналду өзге ғаламшардан келген»

23.08.2020, 01:53
Ертең бұл марапатқа қаншалықты лайық екенін байқайтын боламыз.
Жарнама
Жарнама

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Неймар «Алтын доп» алу мүмкіндігіне баға берді.

«Месси мен Роналду соңғы он жыл ішінде "Алтын допты" өзара бөлісіп жүрді. Олар басқа ғаламшардан келген. Бұл марапатқа ие болу мен үшін үлкен мәртебе болар еді. Бірақ бәрі сіздің алаңда көрсеткен ойыныңызға байланысты. Мен басты назарымды осыған аудардым. Қалғанының бәрі өз уақытымен болады.

Чемпиондар лигасында жеңіске жету ерекше сезім екенін білемін. Бірақ «Пари Сен-Жерменмен» турнирде жеңіске жету тарихта қалуды білдіреді. Сондықтан мен осында келдім», - деді Неймар Daily Star басылымына берген сұхбатында.

Чемпиондар лигасының «ПСЖ» - «Бавария» арсындағы финалдық матчы ертең, 23 тамызда Лиссабондағы (Португалия) "Да-Луш" стадионында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров