2026 жылғы әлем чемпионатына небәрі бір жыл қалса да Неймардың Бразилия құрамасындағы болашағы әлі де белгісіз.
Қазір "Сантос" шабуылшысы ауыр жарақатынан айығып жатыр, бірақ ол өз мансабындағы алтыншы ірі халықаралық турнирге қатысуды армандайды. Ал құраманың бас бапкері Карло Анчелотти бұл мүмкіндікті жоққа шығармай отыр.
"Неймар сау болса мүмкіндік бар."
Жапониямен жолдастық матч алдында Токиода Анчелотти Неймардың жағдайына қатысты пікір білдірді:
"Ол бабында болса, әлемнің кез келген командасында ойнай алатын деңгейде. Әрине, ұлттық құраманың есігі оған ашық.” – деді Италиялық маман.
Бапкер сонымен қатар бәрі ойыншының физикалық жағдайына байланысты болатынын қадап айтты.
"Болжам айтқым келмейді. Егер жарақатынан толық жазылса – құрамада өз орны бар.”
33 жастағы Неймар толық қалпына келуі үшін көп еңбектеніп жатыр. 2026 жылдың наурыз айына дейін толық бабына келуі керек, өйткені дәл сол кезде әлем чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімі түзіледі.
Анчелотти бұл кезең шешуші болатынын мойындады:
"Наурыздағы FIFA терезесі – құраманың соңғы пішінін анықтайтын сәт. Бізге әрі тұрақтылықты сақтау, әрі жаңа ойыншыларды сынау керек." – деді ол.
2024–25 жылғы маусымның көп бөлігін жарақатпен өткізіп алған Неймар үшін бұл соңғы әлем чемпионаты болуы әбден мүмкін.
128 ойын мен 79 гол – оның ұлттық құрамадағы керемет статистикасы. "Барселона" мен "Париж Сен-Жерменнің" бұрынғы жұлдызы Бразилиялық футбол тарихындағы ең жарқын тұлғалардың бірі болып қала береді.
Қазір Анчелоттидің Бразилиясы жас жұлдыздар – Родриго, Эндрик және Винисиус Жуниор бастаған жаңа дәуірге қадам басуда. Бірақ бапкер жақсы біледі яғни егер Неймар өз бабына келсе, ол әлі де шешуші фигура бола алады.
Біздің серіктес: FONBET