Қазақстандық команда 28 жастағы орталық қорғаушыға жаңа маусымда келісім шарт ұсынбайды.
Сербиялық қорғаушы “Ақтөбе” ұжымына 2025 жылдың басында Мәскеу түбіндегі Химкиден келіп қосылған болатын. Содан қорғаушы ақ-қызылдар жейдесінде 29 матч өткізіп, 1 гол мен 2 голдық пас берді.
Неманья өзінің кәсіби мансабында сербиялық “Мокра Гора”, “Златибор”, “Радник”, ЧСК “Пивара”, “Явор”, “Металац”, әзербайжандық “Зиря” және ресейлік “Акрон” клубтарында өнер көрсетті.
Анджелкович бірнеше клубта ойнағанымен, өмірінде тек бір ғана трофей жеңген. Оның өзі 2019/20 жылғы “Златибормен” жеңген Сербия Кубогы.
Трансфермаркет Косовска елді-мекені тумасын 750 мың еуроға бағалап отыр.
Біздің серіктес: FONBET