Жарнама
Жарнама

Неманья Матич италиялық клубқа ауысты

15.06.2022, 01:22
Сербиялық футболшы өзінің сүйікті бапкерімен жұмыс істемек.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Неманья Матич ресми түрде «Ромаға» ауысты.

33 жастағы сербиялық футболшының римдік клубпен келісім-шарты 2023 жылдың жазына дейін жасалған. Матич жаңа командада 21-ші нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Сербиялық жартылай қорғаушы өткен маусымның соңында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Манчестер Юнайтедтен» кеткен болатын. Ол 2017 жылдан бері манкуниандық клубтың намысын қорғады. Өткен маусымда Неманья «қызыл сойқандар» үшін 32 матч өткізіп, 4 нәтижелі пас берді.

Матич «Манчестер Юнайтед» пен «Челсиде» «Романың» қазіргі бапкері Жозе Моуриньомен бірге жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров