"Боруссия" дағдарыстан қалай шықты деген заңды сұрақ туады. Сенімділік пен табандылық. Команда екі жыл бұрын Еуропаны шулатып, Чемпиондар Лигасының финалында ойнағанын еске түсірді. Ал, бір ай бұрынғы ойындарды еске түсіріңіз. Команда бірінші таймда әдеттегідей шабуылдайды, бірақ гол сала алмаса екінші таймда ұнжырғасы түсіп, шабуылдауды ұмытып, тек допты қарсылас айып алаңының алдында айналдырып жүреді. Ал, бүгінгі "Боруссия" ондай емес, өзгерді. Бірінші таймдағы қарқынынан айырылған жоқ, шабуылдауды арттырмаса, кеміткен жоқ. Бұл табандылықтың артқанының арқасы.
Сол секілді, екінші таймда Клопп жігіттері қарсылас қақпасына бір гол емес, бірден үш голды тоғытты. Бар жоғы 8 минуттың ішінде матч тағдырын шешті де тастады. Әрине, қарсыластың қарқынына қонақтар шыдай алмады. Бірінші тайм бойы командасын құтқарып келген қақпашының өзі, үшінші голда болмайтын жерден қателік жіберді. Ол қателік-"Боруссия" қысымының нәтижесі еді.
Дормундықтар енді Чеммиондар Лигасына жолдама берер төртінші орынға 8 ұпай жақындады. Әрине, көп. Дегенмен, тур өткен сайын арақашықтықты қысқартып келеді. Ойын басталмас бұрын 10 болса, бүгін міне 8. Оның үстіне, сол бүгінгі "Шалькенің", менхенгладбахтық "Боруссияның", "Байердің" ойындары да, нәтижелері де тұрақты емес. Кім біледі, осылай тамаша ойының көрсетуін жалғастырса, маусым аяғында үздік төртікте көріп қалармыз.
Боруссия Д-Шальке 3:0(0:0)
Голдар: Обамеянг, 78, Мхитарян, 79, Ройс, 86
Бавария-Кельн 4:1(2:1)
Голдар: Швайнштайгер, 3. Рибери 10. Уджа, 45+1 . Роббен, 67 . Левандовски, 75.
Байер-Фрайбург 1:0(1:0)
Гол: Рольфес, 33
Хоффенхайм-Майнц 2:0(0:0)
Голдар: Фолланд, 55, Полянски, 76.
Ганновер-Штутгарт 1:1
Голдар: Штиндиль, 70-Гентнер, 52
Герта-Аугбург
Гол: Калу, 88
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Біздің серіктес: FONBET