Жарнама
Жарнама

Неміс Бундеслигасы. Бір "Боруссияның" голы, екінші "Боруссия" үшін жеңісті

10.11.2014, 06:17
Жарнама
Жарнама
Клопп командасы апта ортасында Чемпиондар Лигасында плей-офф кезеңіне жолдама алып қойды. Герман кубогінің үшінші айналымына да еш қиындықсыз шықты. Бірақ, бұл турнирлерде команданың жағдайы қаншалықты жақсы болса, ішкі біріншілікте керісінше соншалықты нашар. Команда қатарынан бес рет жеңілді. Нәтижесі соңғы орын. Ал, аттас Менхенглабдықтың жағдайы анағұрлым жақсы. Екінші орында, бүгінгі таңда Германияда "Баварияға" қарсы тұрады деп көптің үміт артқан командасы. Қатарынан 17 ойында жеңіліске ұшырамады. Оның ішінде "Бавария" да бар. Ойын алаң иелерінің басымдылығымен басталды. 1-ші минутта-ақ Ройс есеп ашуы тиіс болатын. Қорғаушылардың ұмыт қалдырғанын пайдаланып, Мхитарян пасынан кейін қақпаға бағыттаған добы сәл ғана қиыс кетті. Ал, 9-шы минутта тек Зоммердің ғажап реакциясы ғана қонақтарды голдан аман сақтап қалды. Таймның аяғында Мхитарянда да мүмкіндік болған. Қақпашымен бірге-бір шығып, оң аяғымен шиіре тепкен добы маңдайшадан биік кетті. Бірінші бөлікте қанша тырысқанмен, "аралар" "футбол снарядын" қақпаға дарыта алмай-ақ қойды. Екінші таймда да ойын сцерийі өзгерген жоқ. Алаң иелері белсенді, қарсылас допты иелігіне алса, оларды бірден өз жарты алаңынан шығармай, допты қайтарып алып отырды. Әрине, ерте ме, кеш пе, бұндай прессинг өз нәтижесін беруі керек еді. Менхенгладбахтың жартылай қорғаушы Краммер қателесті. Қақпашыға бас берем деп, оның алысқа шығып кеткенін байқамай, допты үстінен асырып жіберді. Есеп ашылды. 1:0! Ойынның қалған уақытында қонақтардың есеп теңестіруінен гөрі, алаң иелері оны еселеуге бір табан жақын болды. Жомарттық Клопп жігіттерінің қанына сіңген әдет емес пе, Ройс, Обамеянг, алаңға тыңнан қосылған Гросскройцтар біреуі қиыс теуіп, біреуі маңдайшаны көздеп, біреуі қақпа алдында допты Зоммерге "сыйлай" салып сан соғып жатты. Дегенмен де, Дортмундқа өзінің бес матчқа созылған жеңіссіз сериясын тоқтатуға бір голдың өзі жеткілікті болды. Боруссия Д — Боруссия М 1:0(0:0) Гол: Крамер, 58 — 1:0 (өз қақпасына). АйнтрахтБавария 0:4(0:1) Голдар: Мюллер, 23, 64, 67, Шакири, 86

1 Бавария 11 8 3 0 27 3 27
2 Вольфсбург 11 7 2 2 22 9 23
3 Боруссия М 11 5 5 1 15 6 20
4 Ганновер 96 11 6 1 4 9 11 19
5 Хоффенхайм-1899 11 4 5 2 17 14 17
6 Байер 11 4 5 2 17 15 17
7 Аугсбург 11 5 0 6 14 12 15
8 Майнц 11 3 6 2 13 12 15
9 Падерборн 11 4 3 4 16 16 15
10 Кельн 11 4 3 4 11 11 15
11 Шальке-04 11 4 2 5 14 15 14
12 Айнтрахт Ф 11 3 3 5 17 23 12
13 Фрайбург 11 2 5 4 11 14 11
14 Герта 11 3 2 6 15 21 11
15 Боруссия Д 11 3 1 7 12 17 10
16 Вердер 11 2 4 5 14 24 10
17 Гамбург 11 2 3 6 4 14 9
18 Штутгарт 11 2 3 6 14 25 9
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров