Германияның ескі жаңа чемпионы "Альянс-Аренада", "Хоффенхаймды" қабылдады. Өткен турда Берлинде "Гертаны" 2:0 есебімен тізе бүктіріп, онсыз да күмәнсіз чемпиондығын ресми түрде рәсімдеген болатын. 24-ші чемпиондығы "Баварияның"! Онымен қоса 3 жыл қатарынан тақты ешкім берер емес. Тіпті маңына да жуықтатпайды. Маусым басталғаннан таққа жайғасты, ешкімнің уәж айтуға қауқары жоқ. Мықтылар таққа таласпайды, оны қорғайды деген бекер емес-ау!
Чемпионаттағы қалған 7 тур Пеп шәкірттері үшін, Чемпиондар Лигасы мен Герман кубогінің ойындарына репетиция болмақ. Сондай кездесу-бүгін. "Альянс-Аренаға" жанкүйерлер "Баварияны" жаңа чемпиондығымен құттықтаумен қатар, команданың кезекті қарсыластарын тас-талқан етуін көруге дәмеленіп жиналған болар. Бірақ, Гвардиола алаңға толыққанды негізгі құрамды шығарған жоқ. Әрине, оны түсінуге болады, сейсенбі күні "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойын болады. Дәл қазіргі таңда "Манчестер Юнайтедтің" аты мен заты сәйкес келмесе де, қауіптену керек. Жаттықтырушы ауысса да, қауқарсыз болса да, команданың тарихын, рухын, намысын ешкім тартып ала қойған жоқ. Қасық қаны қалғанша шайқасады. Сонау, 1999 жылғы матч "Бавария" жанкүйерлерінің есіңе түссе, ұйқыдан шошып оянары анық. Иә, ол Алекс Фергюсонның командасы еді. Қазір жағдай басқа. Бірақ, тарих қайталанбайды деген заң жоқ. Қайталанбасына кім кепіл? Жә, ол басқа тақырып. Мюнхендегі матчқа оралалық.
Біле білсеңіз, "Хоффенхайм" шабуыдауды өте жақсы көретін, онымен қоса оның қыр-сырын жақсы білетін ұжым. Оған дәлел, чемпионатта тоғытқан голдарының саны бойынша, Маркус Гисдол бапбайтын команда "Бавария" мен дортмундтық "Боруссиядан" кейінгі үшінші орында. Бірақ, бір жағы бүтін болса, бір жағы тесік. Бүтіні-шабуылы, тесігі-қорғанысы. Команда тоғызыншы орынға жайғасса да, "Бундеслигада" қақпаларына ең көп гол жіберген команда. Осындай қызық командa! Бірақ, дәл осындай командалар футболға көрік береді, қызықтыра түседі, тартымды етеді. Бүгін де сол білгенінен жаңылған жоқ. Қаншалықты көп гол салса, соншалықты көп гол өткізді. "Бавария" қақпасына салынған 3 гол көптің көбі. Бұл маусымда Еуропада ешқандай команда бұндай жетістігімен мақтана алмайды. 3 гол емес, 1 гол салса 1 жыл тойлайтын командалар да бар. "Хоффенхайм" ондайлардың қатарынан емес! Мюнхенге көп командар секілді, алдын-ала тізе бүгіп, алам десең міне бас деп жалбарыну үшін емес, шайқасу үшін келді. Әрине, ойынның бұндай нәтижемен аяқталуын көбісі, мюнхендіктердің чемпиондықты рәсімдеген соң, мотивацияның жоқтығымен байланыстырса да, "Хоффенхаймның" жетістігін жоққа шығара алмайды. Нәтиженің аты-нәтиже. Ал, соңғы 12 ойын көлемінде жеңіске жетіп келе жатқан "Бавария", бүгін ол стастикасын тоқтатты. Бірақ, бұған бола Гвардиоланы да, ойыншыларды да ешкім табалап, жазғыра қоймас. Бұл-кешірімді. "Хоффенхайм", маусым аяқталған соң, командадағы шабуылдаушы ойыншыларын сақтап қалып, қорғаныстағы проблемаларын шешсе, ендігі маусымда Бундеслигада біз нағыз қайсар ұжымды көретін боламыз.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турнир кестесі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Біздің серіктес: FONBET