Тоғыз айға созылған неміс елінің чемпионаты өз мәресіне келіп жеткен жайы бар. Бұл маусым өте қызықты өтті десек жаңылыспазпыз. Әрине, "Бавария" алтынның интригасын толықтай өлтіргенмен де, басқа интриганы өлтіре алмайды. Чемпиондар Лигасына жолдама алу үшін талас бар, Еуропа Лигасы үшін, екінші дивизионға ұшып кету қаупі бар командалардың таласының қызығы мен шыжығы бір бөлек.
Сөзсіз чемпион "Бавария" соңғы турда өз алаңында "Штутгартты" қабылдаған болатын. 2008-ші жылы Бундеслигада алтыннан алқа таққан "Штутгарттың" бүгінгі жайы мүшкіл. Әупірімдеп жүріп, екінші дивизионға сырғуынан аман қалды. Бір кездері Еуропада Германияның намысын абыроймен қорғап жүрген бұл клуб, жазда мықты ойыншыларды шақырмаса, толыққанды ортаң қол командаға мәңгілікке айналып кетуі мүмкін. Ал, "Бавария" жайлы әңгіме бір бөлек. Кезіккенің бәрін жермен тегістеп жүрген мюхендіктеріміз, маусым соңына қарай ақсаңдады. Егер, чемпионаттағы жеңілістерді мотивацияның жоқтығына сілтесе, "Реалмен" болған ойындағы масқараны түсіндіру қиын. Сілтейін де факт жоқ. Ашық шайқаста жеңілді. Соңғы жылдары "Бавария" Бундеслиганы өлтірді деген әңгіме-пікірлер өрбіп жүр. Келіспеске болмайды. Қай команда бас көтере бастаса, соны бірден аш қасқырша талайды. Мүмкін осы маусымда "Баварияның" түбіне жеткен, өзі өлтірген Бундеслига шығар. Неге? Себебі, осы маусымда ешбір командадан қарсылық көрген жоқ. Толықтай босаңсыды. Ал, жауапты сәтте көптен бері ұмытқан қарсылыққа тап болды да, оған қарсы қару таба алмады. Бар мәселе осында болу керек. Ендігі қадам, осы соққыдан нәтиже шығарса болғаны. "Бавария"-чемпион. Бірақ, Гвардиола шәкірртері үшін маусым аяқтала қойған жоқ. Алда, дортмундтықтарға қарсы Герман кубогінің финалы бар.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Маусымның сәтсіз командасы, әрине "Гамбург". Сапында Ван дер Варт, Адлер, сияқты тәжірбиелі ойынщылары болғанымен де, ең бастысы команда жоқ. Ысылған ұжым болмаса, жеке ойыншылардың шеберліктері түк те бітіре алмайды. Әрі кетсе, 2-3 ойында сүйреп шығар. Келесі маусымда Бундеслигада доп тебу үшін, екінші дивизионда үшінші орын алған командамен шайқаста жеңіске жетуі тиіс.
Соңғы турдың қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар;
Шальке 04 -Ньюрберг-4:1
Голдар: Матип, 6 (1:0).Нойштэдтер, 45 (2:0). Дракслер, 75 (3:0). Обаси, 90+2 (4:0). Дрмич, 90+1 (4:1).
Байер-Вердер-2:1
Голдар: Гебре Селасси, 21 (0:1). Топрак, 33 (1:1). Сон Хюн Мин, 53 (2:1).
Ганновер-Фрайбкрг-3:2
Голдар: Хусти, 45 (1:0). Шмид, 50 (1:1). Руднев, 65 (2:1). Зулехнер, 78 (2:2). Приб, 80 (3:2).
Вольфсбург-Боруссия М-3:1
Голдар: Де Брюйне, 30 (1:0). Крамер, 64 (1:1). Перишич, 68 (2:1). Кнохе, 81 (3:1).
Хоффенхайм-Айнтрахт Б
Голдар: Руди, 15 (1:0). Роберто Фирмино, 64 (2:0). Роберто Фирмино, 70 (3:0). Хохшайдт, 88 (3:1).
Майнц-Гамбург-3:2
Голдар: Сото, 7 (1:0). Ласогга, 12 (1:1). Малли, 65 (2:1). Окадзаки, 82 (3:1). Иличевич, 84 (3:2).
Аугсбург-Айнтрахт Ф-2:1
Голдар: Хоселу, 15 (0:1). Клаван, 29 (1:1). Хан, 79 (2:1).
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Турнир кестесі. |

Біздің серіктес: FONBET