Неміс футболшысы Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткісі келеді

07.02.2023, 01:54


Германияда тұратын Роберт Бауэр Қазақстан ұлттық құрамасы жейдесінде алаңға шығуды жоспарлап отыр.

Роберттің ата-анасы алғашында Астана қаласының шалғай аудандарында тұрған екен. Осы жерде футболшының әпкесі дүниеге келген болатын. 1994 жылы отбасы Германияға қоныс аударады. Бауэр кіндігі аталған мемлекетте кесілген.

Футболшының азаматтығын ауыстыру жөніндегі мәселеге алғашқы болып функционер Владимир Нидергаус елең етіпті. Ол Бауэрге керекті құжаттарды жинауға көмектесуге ниет білдірген екен. 

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабы әмбебап аяқдопшыны қабылдауға қарсы емес. Бастысы Бауэрде көк түсті төлқұжаты болса болғаны. 

Қазіргі сәтте неміс "Сент-Труйден" командасында өнер көрсетеді. Ол бельгиялық ұжым үшін 15 ойын өткізген болатын. Айта кететіні, Роберт Германия ұлттық құрамасымен Риодағы олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді.