Таяуда Eurosport.ru сайтының тілшісі Михаил Бирюков өзінің мақаласын жариялап, онда неміс қақпашылары туралы және жас неміс голкиперлерінің қалайша көбейіп жатқындығы жайлы баяндаған. Мен өзімнің әріптесімнің айтқан сөзіндерін сіздерге жеткізе отырып, неміс қақпашылар мектебінің даму тарихы туралы шолып өтсем. Неміс қақпа күзетшілер мектебі өз бастауын XX ғасырдың 20-30-шы жылдары Германия сапында өнер көрсеткен Генрих Штульфауттың есімімен басталады. Одан кейін, өмірінде қанша қиянат пен бейнетті көрген Тони Турек 1954 жылы 35 жасында ГФР құрамасында, өзінің елі үшін футболдан алғашқы әлем чемпионатын жеңіп алады. Неміс голкиперлер мектебінің жаңа даму кезеңін 1974 жылы «неміс машинасы» сапында әлем чемпионы болған, мюнхендік «Баварияның» аңызына айналған Зепп Майердан басталады деп айтсақ қателеспейміз. Өйткені, бұл қақпа күзетшінің есімі IFFHS ұйымында XX-шы ғасырдағы әлемнің ең атақты голкиперлердің 4-ші орнында тұр. Майер ұлттық құрама қатарында әлем чемпионатында (1966,1970,1974 ж.ж.) күміс, қола, алтын медальдарды жеңіп алған. Бұл қақпашы 1976 жылғы Еуропа чемпионатының финалында Чехословакияның ойыншысы Антонин Паненканың әлемге әйгілі болған пенальтиден соққан добын өткізіп алады. Зепп секілді «Бундестим» құрамасында әлем чемпионы болмасада, бірақ, дүниежүзілік біріншлікте екі рет (1982,1986 ж.ж) финалға шығып, жеңіліп қалған Тони Шумахердің өнерін жаһандық футбол сыншылары мойындаған. Ол өз елінің құрамасынмен 1980 жылғы Еуропа чемпионатында топ жарған. 90-шы жылдары өзінің жұлдызды жылдарын өткізген Андреас Кепке де біздің назарымыздан тыс қалған жоқ. Бұл қақпа маңын торуылдаушы 1990 жылы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында негізгі орын алмасада, дүниежүзілік мундиальді өз елінің құрамасында жеңіп алған. Ол 1996 жылы біріккен Германия үшін негізгі құрамада өнер көрсетіп, Еуропа чемпионы атанады. Андреас Кепкеден кейін Оливер Кан «неміс машинасының» негізгі голкиперіне айналады. Алайда, оған 2000-шы жылдары Йенс Леманн басекелестік танытады. Тек 2005 жылдан бастап қана Леманн Германияның нөмірі 1-ші қақпашысы болады. 2008 жылы Йенс ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтайды. Енді, осы кезден бастап, неміс қақпа күзетшілер мектебінің «алтын ғасыры» басталады. Себебі, «Бундесманншафттың» бірінші қақпашысы болуға Энке, Адлер, Визе сынды голкиперлар бәсекелесе бастайды. 2009 жылы Энкенің кенеттен дүниеден озуы, Адлердің ауыр жарақат алуы, «Бундестимнің» 2010 жылығы әлем біріншлігіне қай қақпашыны апарамыз? деп көп бас қатырған жоқ. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Йоахим Лёв жас Мануэль Нойерді негізгі голкипер қылып қойып, ал ол өз кезегінде жаттықтырушының сенімін жақсы атқарып шығып, қазіргі күнге дейін Германияның бірінші номерін бермей келеді. Бірақ, бұл сөз Нойерге еш алаңдаудың қажеті жоқ деген әңгіме емес. Осы жылы неміс Бундеслигасында 19 жасар «Байердің» қақпашысы Бернд Лено мен менхенгладбахтық «Дортмундтың» голкипері Марк-Андре тер Штегендер нөмірі бірінші Нойер мен Адлерге бәсекелестік көрсете алатындай өнер көрсетуде. Бұлардан басқа «Гертада» ойнап жүрген Томас Крафт та бар. «Штутгард» сапында жақсы нәтиже көрсетіп жатқан екі бірдей қақпа күзетшілерін Андре Вайс пен Свен Ульрайхты есептен шығармаған жөн. Неміс бундеслигасының статистикасына сүйенер болсақ, 18 клубтың 16-да бірінші номерді тағып жүрген немістер болса, ал сол 16 қақпаны торуылдаушылардың 9-ы 25 жасқа толмаған. Мұндай құбылысты айтар болсақ, біріншіден, 2006 жылғы мундиальдің Германияда өтуі елдегі жасөспірімдер футболын көтерді. Екіншіден, әлемдік кризистің келуі көптеген клубтардың легионерлерден бас тартуға мәжбүр болды. Негізгі акцент өз мектептерінен шыққан жастарға қойылды. Өз кезегінде жастарға сенім арту үлкен нәтижелерді алып келді. Немістер жалпы қақпашының қақпашы болуында орта мектептен білім алуында деп есептейді. Өйткені, қақпа маңын торуылдаудан басқа адамда білімнің қажет болуымен түсіндіреді. Германияда футбол мектептерінен басқа, арнайы голкиперлерді дайындайтын мектептер баршылық. «Неміс қақпашылар мектебі» - бұл соңғы кездері неміс футболының маркасы ретінде айтылмайды, бұл өзінше сауда брэндіне айналған сөз болып табылады. Егер, осы сөзді дұрыс пайдаланбасақ соттап жіберуі де мүмкін. 2008 жылы «Бундесманншафт» құрамында жарқын өнер көрсетуімен есте қалған Андреас Кепке жас қақпа күзетшілерін дайындайтын мектеп ашады. Оның есімі «Неміс қақпашылар мектебі» деп аталады. Кепкенің мектебі тек бір жерде ғана ашылып қоймай, неміс елінің басқа жерлерінде де филиалдары салынды. Андреас Кепкенің негізгі атқаратын қызметі мұнымен шектелмей, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған голкиперлер конгересін өткізеді. Конгресс арқылы, қақпа күзетшілері бір-бірлерімен тілдесу арқылы жан-жақты қақпашылық әдістерімен танысып, бір-бірлерін жақсы таниды. Бұдан басқа Андреас өз елінің ұлттық құрамасындағы қақпашыларын дайындайды. Сондықтан, оның тағы бір міндеті скаутинг және жас киперлердің профессионалды деңгейдегі өнерлерін бақылау. Герман футболының мұндай ұстанып жатқан саясаты дұрыс. Алайда, біздің Қазақстанда голкиперлерді арнайы дайындайтын мектеп жоқ екен. Керек десеңіз ұлттық құрамамызда тұрақты қақпа маңын күзететін торуылдаушымыз жоқ. Қақпашы емес, сайқымазақ деуге тура келеді. Әрине мұның бәрі неден? Қақпашылар мектебінің жоқтығынан және бәсекенің болмауынан. Жақында ұлттық құрамамызға бір легионер голкиперді қойып едік, одан еш нәтиже шығар емес. Қазақстан мен Германияны салыстыруға келмейді, бірақ, немістер жүргізіп жатқан саясатты біздер де ұстансақ, мүмкін жағдаймыз сол кезде өзгерер. Неміс қақпа күзетшілерінің бір кемшілігі тек Бундеслиганың көйлеңкесінде қалып қана қоймай, басқа да лигаларда өнер көрсетсе екен.
Абзал СҮЛЕЙМЕН
Біздің серіктес: FONBET