Жарнама
Жарнама

Немістер қақпашыдан қағылды

27.03.2011, 02:20
Жарнама
Жарнама

Германия ұлттық құрамасының және «Байер» футбол клубының қақпашысы Рене Адлер Европа біріншілігінің іріктеу ойындары аясындағы Қазақстан құрамасымен өтетін ойынға жарақатына байланысты жасыл алаңға шықпайтын болды. Неміс құрамасының бас бапкері Йоахим Лев пен қақпашылар жаттықтырушысы Андреас Кепке 26 жасар Адлердің орнына басқа ойыншы шақырмайтындықтарын айтты. Бұл дегеніміз біздің құрамамен өтетін ойынға «Шальке» мен «Вердердің» қақпашылары Мануэль Нойер мен Тим Визе дайындалады деген сөз. Естеріңізге сала кетейік, «А» тобында Германия көш бастап келе жатса, Қазақстан құрамасы төрт ойында да опық жеп, жеңілістен көз ашпай, турнир кестесінің соңында келеді.

Нұржан ТУҒАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров