Жарнама
Жарнама

Ненад Белица: «Қызыл-Жардың» көптеген ойыншылары жақсы чемпионаттарда өнер көрсеткен»

21.07.2022, 17:52
Бүгінгі ойынға хорватиялық клубтың екі негізгі қорғаушысы қатыса алмайды.
Жарнама
Жарнама

«Осиек» командасының бас бапкері Ненад Белица УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қызыл-Жармен» бооатын матч жайлы ойымен бөлісті.

- Ойыншылардың қайсысы бұл матчта «Осиекке» көмектесе алмайды?

– Даниэль Лончар, Евгений Чуберка және жас шабуылшы Дрена Бьело.

- Сіздің команда бұған дейін жасанды алаңда ойнады ма?

- Жоқ, Хорватияда барлығы табиғи төсеніште ойнайды, бірақ матчқа бірнеше күн қалғанда біз жасанды төсеніште жаттығу өткіздік.

– «Қызыл-Жардың» соңғы ойындардағы нәтижесі көңіл көншітпейді, бұл сізге сенімділік сыйлай ма?

- Қарсылас айтарлықтай тәжірибелі команда. Жақсы ойын көрсетеді деп үміттенеміз. Барлығын ойын көрсетеді.

- Өзіңіз атап өткендей, ертең қорғаныстағы негізгі ойыншылар Лонцар мен Чуберка сізге көмектесе алмайды. Осы орайда, олардың орнын кім баса алады деп ойлайсыз?

- Оның орнына Милош Корич пен Славко Бралич ойнайтын шығар.

- Қарсылас командадан кімді ерекшелеп айта аласыз?

- Ең алдымен Дарко Зорич есіме түседі, бірақ ол жақында жарақат алды. Юрий Бушманды да ерекше атап өте аламын, оның пастары жақсы. Бірақ қарсыластың көптеген ойыншылары жақсы чемпионаттарда өнер көрсеткен.

– Қазақстанға алғаш рет «Динамоның» бас бапкері болып келген кезде, сіздің командаңызда қазір жоғары деңгейдегі ойыншыға айналған Дани Ольмо болды. Қазір «Осиекте» осындай ойыншыларыңыз бар ма?

– Әрине, бұл Дрено Бьело. Оның бойында Олмоның деңгейіне жетуге көмектесетін барлық қасиеттер бар.

- Ойыннан қандай нәтиже күтесіз?

- Мен қазір ойынные есебі туралы ойламаймын. Ең бастысы, менің командам бар назарын осы матчқа аударған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров