Жарнама
Жарнама

Нидерланды мен Бельгия 18 командадан тұратын біріккен лига құрмақ

23.02.2020, 18:47
Жарнама
Жарнама

Нидерланды мен Бельгия футбол федерациялары бірігіп, 18 командадан тұратын жаңа біріншілік құрмақ, деп хабарлайды Transfermarkt порталы Deloitte-ке сілтеме жасап.

Аталған өзгеріс екі елдегі футбол матчтарына деген қызығушылықты арттырып, телетрансляциядан көбірек қаржы табуға мүмкіндік береді. Жобамен бұл қатысушыларға матч көрсетілімін сатудан 400 миллион еуро табыс алып келмек.

Ал дəл қазір Нидерланды мен Бельгия чемпионаты жылына 80 миллионнан табады.

Жаңа біріншілік форматы бойынша Голландияның 10, Бельгияның 8 ұжымы тұрақты түрде бір-бірімен ойнап шығады. Маусым соңында əр елдің ең төменгі көрсеткішке ие болған клубының орнын аймақтық жеңімпаз басады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров