Жарнама
Жарнама

Никита Калмыков “Жеңіс” ұжымынан кетті

Елордалық “Жеңіс” 34 жастағы қақпашы Никита Калмыковпен келісімшартты бұзды.

Жарнама
Жарнама

Никита Павлодар футболының түлегі. Ол өз мансабын “Ертістің” жастар командасында бастаған. 2009 жылы Калмыков павлодардық клубтың негізгі ұжымымен бірге  Премьер-лигада дебют жасайды. Жалпы алғанда “Ертісте” қақпашы 10 жыл ойнады. Павлодар ұжымынан бөлек, Никита “Қызылжар”, “Ақсу” және “Қайсар” клубтарында доп тепті. 

Калмыков Премьер-лиганың осы маусымында “Жеңіс” қақпасында 6 ойын өткізіп, 12 гол жіберді. 

Айта кетейік, елордалық ұжым бүгін ішкі чемпионаттың 15-туры аясында “Елімайға” қонаққа барады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: