Нико Ковач «Монако» футбол клубының жаңа бас бапкері болады, деп хабарлайды L'Equipe.
Француз басылымы «Монако» клубы Роберт Мореноны жұмыстан шығарды деп хабарлады. Ковач бұған дейін «Бавария» клубын баптаған болатын және 2019 жылдың қараша айында Мюнхендік клубтың бас бапкері қызметінен босатылды.
48 жастағы Ковач 2018 жылғы жазда «Баварияға» барған еді. Оның басшылығымен клуб Германия чемпионатын, ұлттық Кубок пен Суперкубоктың иегері болды.
Қазіргі кезде «Монако» "Пари Сен-Жерменнен" кейін Лига 1-де ойыншыларға жалақы төлеу бойынша екінші орында тұр, сондықтан клуб жалақыны түсіруге шешім қабылдады. Егер жақсы ұсыныстар түссе, «Монако» ең жоғары нарықтық құны бар ойыншыларды, соның ішінде Бенуа Бадиашиле, Виссам Бен Йеддер, Юсуфф Фофана және Фоде Балло-Турені сата алады. Клуб жалға жіберген ойыншылардан да арыла алады.
Біздің серіктес: FONBET