Бапкер қызметінен кетеді деген ақпараттар жалған болып шықты.
Келісім шарты 1,6 жылға дейін жоспарланған болгариялық маман өз орнында қала береді.
Қазірде Николай Костов өзінің бапкерлік штабымен “Ақтөбені” жаңа маусымға дайындап жатыр.
Кей деректерге сенсек, маман командаға келуі мүмкін 7-8 футболшымен келіссөздер жүргізуде екен.
Костов ескі құрамнан өзіне қажет футболшыларды іріктеп алады. Қалғандары командада келісім шарты аяқталысымен клубпен біржолата қоштасады.
Біздің серіктес: FONBET