«Каспий» командасының бас бапкері Николай Костов Қазақстан кубогінің бірінші турында «Қызыл-Жармен» болған ойынды (1:1) қорытындылады:
- Өзіңіз байқағандай, қарсылас өрескел қателікті пайдаланып, алғашқы шабуылынан-ақ гол соғып кетті. Одан кейін ойын тізгінін қолға алып, қарсыластың жарты алаңында ойнадық. Біз гол соғатын мүмкіндіктер жасағымыз келді, бірақ үзіліске жақсы көңіл-күймен кету үшін есепті теңестіріп үлгермедік. Дегенмен, екінші таймда таразы басын теңестірдік. Біз үшін бұл ойында ұтылмау маңызды болды, өйткені бұған дейін қатарынан 3 матчта жеңіліп қалдық.
«Қызыл-Жар» негізгі құраммен ойнаған жоқ. Ал біз, мықты ойыншыларымызды шығардық. Өйткені біз кубокті жеңіп алғымыз келеді. Бұл тамаша мүмкіндік.
Біздің серіктес: FONBET