Жарнама
Жарнама

Николай Костов: «Біз лайықты жеңіске қол жеткіздік»

06.03.2022, 16:55
Алғашқы ойын күнінде ақтаулық клуб қана жеңіске жетті.
Жарнама
Жарнама

«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов Премьер-лиганың бірінші турында «Қызыл-Жармен» (1:0) болған ойын туралы пікір білдірді:

- Бірінші ойын әрқашан да маңызды және шиеленіске толы болады, өйткені барлық командалар 3 ұпай алып, маусымды жеңіспен бастауды қалайды. Нәтиженің қандай боларын білмей, ойын алдында уайымдадық. Бұл ойында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз. Барлық жанкүйерлер мен ойыншыларды осы жеңісімен құттықтаймын. Ойынымызға келген Маңғыстау облысының әкіміне рахмет!

Жанкүйерлерімізге осындай жақсы атмосфера жасап, командамызды үнемі қолдап отырғандары үшін алғыс айтамыз. Солардың көмегімен ойыншыларымызға өздерін көрсету оңай болды. Бұл біздің команданың толық әлеуеті емес, біз одан әрі дами береміз деген сенімдемін.

Біздің команда прагматикалық ойын көрсетіп қана қоймай, қауіпті мүмкіндіктер жасап, жақсы ойнады деп ойлаймын.

Біз алаңның ортасында өзімізді жақсы қырынан көрсеттік, ойыншылар бір-бірімімен жақсы түсінісе алды. Матчты тамашалаған болсаңыз, кездесудің ең үздік ойыншысы қарсыластың қақпашысы болғанын байқайсыз. Бұл біздің команданың қарсыласқа үлкен қысым жасағанын көрсетеді. Сондықтан біз лайықты жеңіске қол жеткіздік.

Бұл жеңістен кейін өзімізді бақытты сезінбейміз, өйткені бүкіл команда менің көмекшім Кирило Нестеренко мен біздің екі украиналық ойыншымыз үшін қатты уайымдап, жеңістің дәмін толық тата алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров