Жарнама
Жарнама

Николай Костов: «Маусымды жақсы бастағандықтан, бізге қойылар талап жоғары»

04.04.2022, 14:33
Ақтаулық клуб төрт ойында он ұпай жинады.
Жарнама
Жарнама

«Каспий» клубының бас бапкері Николай Костов «Ордабасымен» болған ойын (2:1) туралы өз пікірін айтты:

- Бүгінгі матчта біз бар күшімізді сала алмадық. Мұны барлығы көрді. Біз өзіміз де мұны күтпедік, өйткені «Ордабасымен» ойынға тыңғылықты дайындалған едік. Мен бүкіл ойынды талдамаймын, маған ойынды қайта қарап, жеңіліс себебін ғана табу керек. Өйткені біз шынымен де жақсы ойын көрсете алмадық, бірақ нәтиже бізді қанағаттандырды және ең бастысы осы. Мен өз ойыншыларыма, сондай-ақ жанкүйерлерімізге үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Чемпионатты жақсы бастағандықтан болар, бізге қойылатын талаптар көтерілді. Бәлкім, бізге сабыр сақтап, бәріне философиялық тұрғыдан қарау керек шығар. Келесі ойынға жақсылап дайындалатын боламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров