Николай Панин Петропавлдың "Қызылжар" футбол клубындағы директорлық қызметін сақтап қалуы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Match KZ мәліметінше клуб жанкүйерлері бұған дейін Паниннің қызметтен кетуін бірнеше себеп бойынша талап еткен.
– Ірі бюджетке қарамастан, КПЛ-дегі өте әлсіз нәтиже, күмән тудыратын трансферлік саясат, футбол орталығындағы ретсіздік пен басқару мәселелері.
Бұл факторлар маусым бойы жанкүйерлердің ашуын тудырып, клубтың ішкі жағдайы жиі сынға алынған еді.
Жуырда бұқаралық ақпарат құралдары "Қызылжар" клубы бұрынғы бас бапкер Әли Әлиевпен сотта жеңілгенін, енді клуб оған бірнеше миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелгенін хабарлаған болатын. Бұл жағдай клубтың қаржылық әрі беделдік мәселелерін одан әрі күрделендіріп отыр.
Біздің серіктес: FONBET