Жарнама
Жарнама

Николай Панин: «Тобыл» барлық турнирлерде лайықты өнер көрсетуге тырысады»

04.02.2021, 21:52
Команда Түркияда екі апта ғана жаттығу жұмыстарын жүргізбек.
Жарнама
Жарнама

«Тобылдың» директоры Николай Панин команданың 2021 жылғы маусымға дайындығы туралы айтты.

- «Трансферлік тыйым» туралы не айтасыз?

- Біріншіден, клуб жанкүйерлерінен осындай жағдайдың орын алғаны үшін кешірім сұраймын. Бірақ бұл FIFA-ның техникалық қателігі және ол 4-5 сағат ішінде жойылды. Клуб пен ФИФА жедел жұмыс жасады. Ойыншыларды тіркеуге тыйым салу туралы шешім келесі апелляцияны ұсыну үшін материалдың мотивациялық бөлігін сұрау негізінде жойылды. Мотивациялық бөлікті алғаннан кейін біз міндетті түрде CAS-қа жүгінеміз және Кассайдың мәселесі бойынша өз құқығымызды қорғаймыз. Бұл тіпті талқыланбайды да.

- Команданың дайындығы қалай өтуде?

- Командаға келетін болсақ, жұмыс бірқалыпты жүргізілуде, футболшылар штаттық режимде жаттығуда. «Тобыл» 10 ақпанда екі апталық жиын өткізу үшін Түркияға аттанады. Жиыннан кейін команда ҚР Суперкубогіне қатысады. Команданың былтырғы құрамы сақталған.

Түркияға мына жігіттер барады: Мокин, Бусурманов, Цуприков, Әбілғазы, Малый, Марочкин, Аманович, Ерланов, Асранкулов, Мирошниченко, Семченков, Жумашев, Нұрғалиев, Мужиков, Валиуллин, Жарынбетов, Тағыберген, Манзорро, Фонсека, Өміртаев.

Бас бапкер Григорий Бабаян, сонымен қатар оның көмекшілері Аркадий Бакулин мен Александр Москаленко да барады. Түркияға баратын футболшылардың тізімінде қазіргі және жаңадан келісімшартқа отырған ойыншылар да бар. Сонымен қатар, жиынға бірнеше жаңа футболшылар қаралымға келеді.

Иә, клуб бюджеті айтарлықтай қысқарды, бірақ соған қарамастан «Тобыл» барлық турнирлерде лайықты өнер көрсетуге тырысады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров