«Ницца» маусымда әлі ресми кездесу өткізіп үлгерген жоқ. ЧЛ-ның іріктеуіне тек жолдастық ойындар арқылы дайындық жүргізді.
Осындай кездесуде «Шеффилд Юнайтедтен» басым түскенін айта кету керек 3:2. Франк Эза жаттықтыратын франциялық клуб былтырғымен салыстырғанда көп трансфер де жасамаған еді. Тек бірнеше позицияда қажет орындаушымен толыққан болатын. Бүгін «Бенфикамен» болатын бірінші бәсекеге қаншалықты дайын?
«Бенфика» керісінше маусымға, ЧЛ-ның плей-офф кезеңіне тыңғылықты дайындалды деуге болады. Команда Португалия Суперкубогін еншілеп, бабында екенін паш етті. Финалда әдеттегі бәсекелесі «Спортингті» қапы қалдырған болатын. Португалиялық топ-клуб бұл жұптың фавориті көрінеді. Бірақ, «Ницца» да Еуропаның басты турнирінің негізгі раундынан дәмелі.
Бұл матчта негізгі талас үзілістен кейін болатын сияқты. Сол үшін біз 2-тайм тоталы 1.5-нан көп болады деген нұсқаны таңдаймыз. Fonbet.kz бұған 1.90 коэффициент ұсынады.
«Зальцбург» - «Брюгге» матчына болжам
Аустриялық клуб былтыр өз біріншілігін күміс жүлдемен аяқтап, ЧЛ-да жарыс жолын 2-іріктеу кезеңінен бастау мүмкіндігін алған. Онда Норвегия өкілі «Браннан» екі ойын қортындысында басым болып, келесі кезеңге өтті 4:1, 1:1. Іріктеуден іркілмей өткен соң Аустрия біріншілігінің 1-турында «Рид» командасымен ойнап, тең тарқасқан еді 2:2. Енді бүгін кешке бельгиялық қарсыласымен тиімді нәтижеге қол жеткізуді көздейді.
«Брюгге» де бүгінгі қарсыласы секілді былтырғы маусымды екінші орынмен аяқтаған. Осының арқасында клуб ЧЛ-да 3-іріктеуден бастау құқығына ие болды. Жаңа маусымда «Брюгге» 3 бірдей ресми ойын өткізіп үлгерген – Бельгия Суперубогының финалында «Юнионды» ұтып, жеңіс тойын тойлаған болатын 2:1. Сондай-ақ, ішкі чемпионаттағы екі матчта бір жеңіс пен бір жеңіліс - «Генктен 2:1 және «Мехеленнен» 1:2 болып жеңіліс тапты.
Бұл матчта ықтимал нұсқа – екі команданың голы. Бұған біздің серіктес 1.62 коэффициент ұсынады.
«Лудогорец» - «Ференцварош» ойынына болжам
ЧЛ 3-іріктеу кезеңінің бірінші кездесулерінің арасында ең тартыстысы осы командалардың қатысуымен өтетін секілді. Өйткені, «Лудогорец» пен «Ференцварош» деңгейлес ұжымдар. Руй Мота жаттықтыратын Болгария чемпионы ЧЛ-да екі кезеңді артқа тастады. Бірақ, «Динамо» Брест пен «Риеканы» өту қиынға соққан, екеуінде де қосымша тайм қажет болды. Бұдан бөлек команда өз елінің чемпионатында 3 турда 9 ұпай еншілеп, «Левскиймен» бірге көш бастауда.
«Ференцварош» биылғы Еурокубок компаниясын 2-іріктеу кезеңінен бастады. Онда Армения өкілі «Ноамен» шеберлік байқасып, екі ойында басым түсті 2:1, 4:3. Ал Венгрия біріншілігінің алғашқы екі турында 4 ұпай олжалады. Қазір 3-орынға жайғасуда. Венгриялық топ-клубтың «Лудогорецке» қарсы статистикасы өте жақсы – өзара соңғы екі матчты жеңіспен аяқтаған екен. Бүгін де сол дәстүрді жалғай ма?
Бұл бәсекеде командалар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, көп гол көрмейтін сияқтымыз. Сондықтан біздің нұсқа – жалпы тоталы 2.5-тен аз. Бұған біздің серіктестің 1.72 коэффициентіне бәс тігуге мүмкіндік бар.
«Фейенорд» - «Фенербахче» кездесуіне болжам
Робин Ван Перси жаттықтыратын роттердамдық клуб ЧЛ-ны 3-іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы өте азулы. «Фейенорд» жаңа маусымға біраз трансфер жасап, сапалы футболшылар алған. Солардың қатарына Сэм Стейнді «Твентеден», Гонсало Боржесті «Портудан» айтуға болады. Сондай-ақ, біраз футболшыларын да сатқанын айтып өту керек – Ганцко, Пайшао, Миламбо мен Хартман енді өзге клубтардың намысын қорғамақ.
Былтыр ЧЛ-дан шет қалған «Фенербахче» биыл басты турнирде өнер көрсетуді көздейді. Сол үшін біраз футболшылармен толықты – Шкриньяр, Дуран мен Семедо түркиялық топ-клубты күшейтуі тиіс. Жозе Моуриньо маусымға дайындық барысында өткен жолы командасымен «Лациодан» басым түскен еді 1:0. Әзірге осы. Команда ресми ойын өткізбеген.
Роттердамдағы бірінші бәсекеде ықтимал нұсқа екі команданың голы. Бұған біздің серіктес Fonbet.kz 1.62 коэффициент ұсынады.
«Лех» - «Црвена Звезда» матчына болжам
Польшалық клуб ЧЛ квалификациясын 2-іріктеу кезеңінен бастады. Онда исландиялық «Брейдабликпен» жолыққан – қос ойындағы қортынды 7:1, 1:0. Одан бөлек «теміржолшылар» Польша чемпионатындағы үш матчта 6 ұпай олжалаған болатын.
«Црвена Звезда» үшін де жаңа маусым жемісті өтуде. Сербиялық топ-клуб ЧЛ-да 2-іріктеу кезеңінде «Линкольн Сити» командасын ойсырата ұтып, келесі кезең жолдамасын еншіледі 1:0, 5:1. Ал өз елінің чемпионатында тіптен сенімді жеңістерге жетіп, көш бастады. Команда екі матчта 11:1 доп айырмасын тіркеген болатын. Польшада да голды топырлата ала ма?
Бұл бәсекедегі ықтимал вариант – матчтың жалпы тоталы 3-тен көп деген нұсқа. Коэффициенті де тәп-тәуір көрінеді - 2.20.
Біздің серіктес: FONBET