"Атырау" футбол клубының бұрынға ойыншысы Нивалдо Радригес "Ертісте" қарауда.
26-жасар жартылай қорғаушы қазақстандық жанкүйерлерге 2011 және 2012 маусымда "Атырауда" ойнағанымен танымал. Оның еншісінде Премьер-Лигада ойнаған 33 матч 1 гол бар. "Атыраудан" кейін Ресейде өнер көрсетті, "Сібір" және "Луч-Энергия" клубтарының намысын қорғады. "Ертістің" соңғы өткізген жолдастық кездесуіне қатысты және 1 гол соқты.