Жарнама
Жарнама

Норвегия – Словения

Бүгін, 13:02

Бұл бәсекенің қазақ жанкүйері үшін де қызық болатыны анық.

Норвегия құрамасы голын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп пен Әлібек Қасым Алматыда тұсап ұстаған Холандтқа словениялық қорғаушылардың шамасы келе ме? Ұлттар Лигасының алғашқы екі турынан кейін командалар бірінші-екінші сатыларда көршілес орын тепкен. Норвегия өткен турда өз алаңында Аустрияны ұтса (2:1), Словенияның кімді және қандай есеппен жеңгенін айту артық. Енді үшінші турда бұл екі ұжым бірінші орын иегерін анықтауға тырысады. Қай жеңгені жеке дара көш бастайтын мүмкіндікке ие болмақ. Норвегияның шабуыл өтінде Эрлинг Холандт, ал қарсы бетте Беньямин Шешко ойнайды. Бұл матчта шабуылшылардың өзара сайысына куә боламыз. «Манчестер Сити» мен «РБ Лейпциг» сұрмергенінің маусым басындағы бабы тамаша! АПЛ чемпионының өкілі 10 ойында 11 рет мергендік танытса, словениялық өз клубының жейдесінде өткізген 9 кездесуде алты гол салған. Қос футболшы да ЧЛ-ның өткен турларында екі доп соқты.

Норвегиялықтар жалпы өз алаңында жақсы ойынымен көзге түседі. «Уллеволлда» талайлардың терісін сыпырған викингтер қонақтарды аямайды. Столе Сольбаккеннің шәкірттері гол ұрғанды жақсы көреді – соңғы бес бәсекеде 7 рет қарсыластың осал тұсын тапқан. Сонымен қоса Норвегия құрамасының шабуылға әуестеніп қорғанысты ұмытып кете беретін бір әдеті де бар. Мәселен, 5 кездесуде дәл соншама гол өткізіп алған.

Ал Словения ше? Матьяж Кектің командасы әзірше қосымша көрсеткіштерінің арқасында көш бастап тұр. Біздіңше, Норвегияға қарсы ойында бұл ұжым ең алдымен қорғанысты ойлайтын секілді. Бұл позициясы тәп-тәуір: өткен турда Қазақстанға ешқандай мүмкіндік берген жоқ, жалпы соңғы бес матчта тек екі гол жіберіпті. Ал шабуылда жоғарыда айтқанымыздай Шешкодай шеберлері жүр. Қысқасы, екі команда да қарап қалмайды және біраз гол кіруі тиіс.

Сонымен біздің ұсынысымыз  – 2.5 голдан көп кіреді деген нұсқа. Матчтағы мотивация мен қос құраманың шабуылдағы әлеуетін ескерсек, бұл түк емес. Норвегия мен Словения бұл мөлшерді бірінші таймда-ақ орындап тастауы мүмкін.

Екінші нұсқамызды да таразылап көріңіздер. Норвегия құрамасы соңғы 5 ойында өз алаңында кемі 1.5 голдан ұрып жүр. Алдағы ойында да Холанд пен Ко бұл дәстүрді бұза қоймас деп топшылаймыз. Мұндағы матчта бізге Норвегия 2 голдан көп соғады деген нұсқа ұнап тұр. «Манчестер Сити» шабуылшысының бір өзі-ақ істеп тастайтын жұмыс бір қарасаңыз. Бірақ, әрине, бұл футбол бәрі мүмкін дегендей. Тәуекелі аз нұсқа дегенмен - Норвегия 2 доп соқса бәсіңіз күйіп кетпейді. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі де мұны түсініп жақсы коэфициент беріп тұр екен – 2.25.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров