Жарнама
Жарнама

«Норвич» шабуылшысы «Арсеналға» ауысуға жақын

29.12.2020, 17:17
Трансфер құны 17 миллион еуроны құрауда.
Жарнама
Жарнама

"Норвич" клубының аргентиналық шабуылшысы Эмилиано Буэндия "Арсеналға" ауысады. 101 Great Goals порталының хабарлауынша, "зеңбірекшілер" 24 жастағы футболшыға 15 миллион фунт стерлинг (шамамен 16,7 миллион еуро) беруге келіскен.

Осы маусымда Буэндия барлық турнирлерде 17 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. 21 турдан кейін "Норвич" Чемпионшипте 43 ұпаймен көш бастап, ең жақын қарсыласы "Суонсиден" төрт ұпайға озып кетті.

"Арсенал" 15 турдан кейін 17 ұпаймен 15-орында тұр. Соңғы кездесуде "зеңбірекшілер" "Челсиді" 3:1 есебімен жеңді. Бұған дейін "Арсенал" Эктор Бельерин кеткен жағдайда "Брайтон" командасының 20 жастағы қорғаушысы Тарик Лэмптиді сатып алуға тырысатыны хабарланған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров