Жарнама
Жарнама

«Норвич» жаңа бапкер тағайындады

15.11.2021, 19:50
Англиялық маман бір апта өтпей жатып жаңа жұмыс тауып алды.
Жарнама
Жарнама

Дин Смит "Норвичтің" бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Қос тарап екі жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды.

"Мен Премьер-лигада "Норвичпен" жұмыс істегейтініме өте қуаныштымын. Соңғы төрт жарым жылда бұл футбол клубында тамаша жұмыстарлың атқарылғаны белгілі. Мен 16 жасымнан бері футбол ойнадым. Осы уақыт ішінде төрт айлық демалысым болды, бірақ ол маған ұнамады. Прогресс жасауға ұмтылатын клубқа келгенім өте жақсы болды", - деді Смит.

Естеріңізде болса, Дин Смит бір апта бұрын "Астон Вилла" клубынан кеткен болатын. Ал оның орнын Стивен Джеррард басты.

"Норвич" бұл маусымды Даниэль Фаркенің жетекшілігімен бастаған еді. Бірақ 6 қараша күні клуб неміс маманының қызметінен кететінін хабарлады.

Осы маусымда "Норвич" 11 турда 5 ұпай жинады және Премьер-лиганың турнирлік кестесінде соңғы орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров