30 жастағы Оңтүстік Қазақстан футболының түлегі Таңат Нөсербаев шымкенттік ұжымның сапын толықтырды. Келер маусымда "Ордабасының" жейдесін киетін болады.
Айта кеткен жөн, Таңат осыған дейін де аталған командада бақ сынады. 2006-2010 жылдар аралығында 99 матч өткізіп, 19 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Одан соң, елордалық "Астанаға" ауысып, 151 кездесуде 46 голдың авторы атанды. Ал, ел чемпионатында барлығы 250 рет жасыл алаңға шығып, 59 соққысы нәтижелі аяқталған екен. Сондай-ақ, "Астананың" тарихындағы ең үздік сұрмерген ойыншы.