Кеше «Астана-Арена» стадионында футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранектің қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда 10 тамыз күні Сириямен болатын жолдастық кездесуге шақырылған футболшылардың тізімі жарияланды. Қақпашылар: Владимир Логиновский (Жетісу), Антон Цирин («Ертіс»), Роман Нестеренко («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Самат Сымақов, Юрий Логвиненко (екеуі де «Ақтөбе»), Қайрат Нұрдәулетов, Марк Гурман және Михаил Рожков, (барлығы «Астана»), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»), Александр Киров («Шахтер»).
Жартылай қорғаушылар: Ұлан Қонысбаев, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев (барлығы «Шахтер»), Марат Шахметов («Астана»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Марат Хайрулин («Ақтөбе»).
Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобол»), Сергей Хижниченко («Шахтер») және Сергей Остапенко («Жетісу»).
"Футболкз.кз"