Жарнама
Жарнама

«Ноттингем Форест» әлемдік рекордты жаңартты

02.09.2022, 23:14
Англиялық клуб осы жазда 21 ойыншымен толықты.
Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер-Лигасына оралған «Ноттингем Форест» жазғы трансферлік терезеде өте белсенді жұмыс істеді, нәтижесінде трансферлер саны бойынша бірнеше рекордтарды жаңартты.

«Ноттингем» 2001 жылдың жазында «Ливингстон» және 2000 жылы «Данди Юнайтедтің» орнатқан рекордынан асып түсті, олар бір трансферлік терезеде 19 ойыншымен толыққан болатын. Ал Англия рекорды 2013 жылдың жазында 17 трансфер жасаған «Кристал Пэласқа» тиесілі.

Кеше «Ноттингем» бірден үш ойыншыны қатарына қосты: «Вулверхэмптон» клубының орталық қорғаушысы Вилли Боли, «Блэкпул» шабуылшысы Джош Боулер және «Ренн» қорғаушысы Лоик Баде. «Ноттингем» 21 ойыншыны сатып алу үшін 162 миллион еуро жұмсаған екен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров