Бразилиялық футболшы Ренан Лоди осы маусымдa «Ноттингем Форест» командасының намысын қорғайды. Англиялық клуб ойыншыны «Атлетико Мадридтен» жалға алды.
Лодиді бір жылға жалға алғаны үшін «Ноттингем Форест» мадридтік клубқа 5 миллион еуро төлейді және маусым соңында футболшыны 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігіне ие болады. «Атлетико Мадрид» Ренанды «Тоттенхэмнің» қорғаушысы Серхио Регилонмен алмастырмақ.
24 жастағы Лоди - «Атлетико Паранаэнсе» клубының түлегі. 2019 жылы қорғаушы «Атлетикоға» ауысып, ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды. Мадридтік команда үшін Ренан 118 матчта 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ футболшы Бразилия құрамасында 15 ойын өткізіп үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET