Жарнама
Жарнама

«Ноттингем Форест» «Манчестер Юнайтед» қақпашысын жалға алды

25.06.2022, 01:06
Өткен маусымда қақпашы негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалды.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Дин Хендерсон мансабын Премьер-Лигаға жолдама алған «Ноттингем Форестте» жалғастырады, деп хабарлайды Sky Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, «Ноттингем» манчестерлік клубпен қақпашыны бір маусымға жалға алу туралы мәміле жасақан.

«Манчестер Юнайтедте» Давид Де Хеаның көлеңкесінде жүрген 25 жастағы қақпашы қазір еңбек демалысында жүр. Қайтып келген соң ол медициналық тексерістен өтіп, жаңа командасына қосылады.

Дин - «Манчестер Юнайтедтің» түлегі, бірақ қақпашы команда сапында бар болғаны 29 матчқа қатысып, 13-де қақпасына гол жібермеген. Тараптар арасындағы келісім-шарт мерзімі 2025 жылы аяқталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров