Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Зенит» футбол клубының қорғаушысы Нұрәлі Әліптің Ресей чемпионатында алған жарақаты көпшілік ойлағандай аса ауыр емес екені анықталды. Өткен турда отандасымыз оңбай тобығын қайырып алып, матчты соңына дейін аяқтай алмаған болатын.
Бүгін Ресейдің «Спорт-Экспресс» басылымы Әліптің аяғы сынықтан аман екенін хабарлады. Дегенмен, футболшы аяғын ауырсынып басып жүр. Оның қашан жарақатынан айығып, алаңға шығатыны осы аптаның аяғында белгілі болады. Әзірге, белгілісі ауыр жарақаттан аман, ешқандай ота жасатудың қажеті жоқ. Петербургтік команданың дәрігерлер құрамының болжамымен Нұралы үш аптаға дейін жасыл алаңға шықпайды. Ем-домын қабылдап, жақсылап күтінсе қазақстандық қорғаушы «Зениттің» негізгі құрамымен бірге Катарда өтетін қысқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын болады. Петербургтік команда араб еліне қаңтар айының ортасында аттанбақ.
Біздің серіктес: FONBET