Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» футбол клубы мерзімінен бұрын Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды.
Ресей чемпионатының 27-туры аясында Санкт-Петербургтік клуб өз алаңында мәскеулік «Локомотивті» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Әліп негізгі құрамда шығып, екінші таймда алаңдағы орнын командаласына босатып берді. Қыста ол «Зенитке» жыл соңына дейін жалға берілген болатын. Содан бері ресейлік клуб үшін РПЛ-да жеті ойын өткізді.
Осылайша, «Зенит» 27 ойында 61 ұпай жинады. Екінші орында келе жатқан мәскеулік «Динамода» 52 ұпай бар.
Біздің серіктес: FONBET