Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп Ресей Суперкубогін жеңіп алды

10.07.2022, 14:38
Нұралы ресейлік клубтағы екінші трофейіне ие болды.
Жарнама
Жарнама

Санкт-Петербургтік «Зенит» Ресей Суперкубогінің финалында мәскеулік «Спартакты» 4:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, 90 минут бойы ойнады.

SofaScore аналитикалық порталы қазақстандық қорғаушының ойынын 7,1 деген ұпаймен бағалады.

Айта кетейік, Әліп «Зениттегі» екінші трофейін жеңіп алды. Бұған дейін Нұралы Санкт-Петербургтік клубпен бірге Ресей чемпионы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров