Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп «Зениттегі» екінші голын соғып, алғашқы трофейін жеңіп алды

12.02.2022, 13:34
Қазақстандық қорғаушының бұл голы команданың жеңіске жетуіне көмектесті.
Жарнама
Жарнама

«Зенит» Atlantic Cup халықаралық турнирі аясындағы жолдастық кездесуде даниялық «Бронбю» командасын 2:1 есебімен ұтты,

«Зенит»: Михаил Кержаков (қ) – Даниил Круговой, Нұралы Әліп, Дмитрий Чистяков, Арсен Адамов – Магомед Оздоев, Александр Ерохин, Андрей Мостовой, Алексей Сутормин – Юрий Альберто, Артем Дзюба;

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, толық ойын өткізді. 77-минутта ол шабуылға қосылып, сол аяғымен қақпаға жойқын соққы жасау арқылы есепті теңестірді.

Осылайша, «Зенит» Португалияда өткен Atlantic Cup турнирінде топ жарды. Санкт-Петербурлық клуб 2016 жылы да аталмыш трофейді жеңіп алған еді.

Еске салайық, бұл гол Әліп үшін ресейлік клубтағы екінші гол болды. Бұған дейін ол «Жилина» (5:0), «Мидтьюлланд» (1:0) және «Портимоненсе» (3:1) клубтарымен болған матчтарға қатысқан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров