Алматылық “Қайрат” клубының президенті Қайрат Боранбаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында команданың қорғаушысы Нұралы Әліпке деген шет елдік клубтардың қызығушылығы туралы сұраққа жауап берді:
”Оның келісімшарты үш жылға жазылған. Оған ресми ұсыныстар келіп түскен жоқ. “Зенит”, “Рубин” және “Аякс” клубтарынан телефон қоңыраулары болды, бірақ бұл жай ғана хабарласу. Ресми хат келген жоқ. Бұл адамдар менің қандай екенімді біледі. Әліптің құны – бес миллион доллар. Оның ғана емес, барлық қазақстандықтардың да, – деп жауап берді клуб президенті.
Transfermarkt порталындағы 21 жасар қорғаушының құны 1,7 миллион еуроны құрайды. Нұралы 2020 жылы “Қайрат” сапында 16 ойынға қатысып, төрт мәрте қақпа торын тулатқан.
Біздің серіктес: FONBET