Нұралы Әліпке “Манчестер Юнайтед” командасы қызығушылық білдірген екен

21.11.2023, 23:25


Қазақстан мен “Зенит” командасының қорғаушысына Словенияға қарсы кездесуден кейін атақты команда назар салыпты (2:1). 

Өздеріңіз білгендеріңіздей командалардың аталмыш матчына еуропаның бірқатар скауттері келген болатын. Солардың бірі Нұралыны қойын дәптеріне түртіп алыпты.

Соңғы кездері орталық қорғанысында үлкен мәселе туындаған “Манчестер Юнайтед” отандасымызды “Зенит” сұрағандай 5 млн еуроға сатып алуға шамасы жетеді. Сондықтанда алдағы уақытта футболшының топ-трансферіне куә болып қалуымыз әбден мүмкін.