Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліпті «Зенитке» кімнің ұсынғаны белгілі болды

11.01.2022, 17:50
Сергей Семак өзінің бұрынғы бас бапкерінің ұсынысын қабыл алған екен.
Жарнама
Жарнама

Metaratings.ru сайтының хабарлауынша, «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Зениттің» тәлімгері Сергей Семакқа алматылық клубтың қорғаушысы Нұралы Әліпті қысқы оқу-жаттығу жиынына шақыруды ұсынған. Бұған дейін Семак «Рубин» сапында Бердыевтің жетекшілігімен өнер көрсеткен еді.

Егер «Зенит» ойыншыны сатып алғысы келсе, онда ресейлік клубтың төлейтін сомасы оның келісім-шартында өтемақы ретінде көрсетілген бес миллион еуродан әлдеқайда аз болады. Футболшы «Зениттің» 13-25 қаңтар аралығында Дубайда өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысады.

«Қайрат» жейдесінде Әліп 99 матч өткізіп, бес гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды. Орталық қорғаушы 2019/20 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды, оның клубпен келісім-шарты 2023 жылдың желтоқсанына дейін жарамды. Transfermarkt порталы 22 жастағы ойыншының нарықтық құнын 1,7 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров