Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліптің голы «Зенитке» жеңіс сыйлады

04.02.2022, 04:51
Қарсылас команда сапында Вагнер Лав өнер көрсетті.
Жарнама
Жарнама

«Зенит» Atlantic Cup халықаралық турнирі аясындағы жолдастық кездесуде даниялық «Мидтьюлландты» 1:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, матч бойы өнер көрсетті. 40-минутта Нұралы бұрыштамадан кейін допты баспен қақпаға дәл бағыттап, осы ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды соқты.

Еске салайық, Әліп қазір «Зенит» клубында қаралымнан өтуде, бірақ әлі күнге дейін Ресей чемпионымен келісім-шартқа отырған жоқ. Ойыншының құқығы алматылық «Қайратқа» тиесілі.

Бүгінгі ойынның екінші таймында «Мидтьюлланд» сапында «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Вагнер Лав алаңға шығып, қауіпті сәттер туындатты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров