Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп: «Қайратқа» бүкіл «Зенит» болып жақтастық

03.09.2025, 16:41

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп Уэльске қарсы ойын алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Нұралы Әліп "Зенит" сапында
Жарнама
Жарнама

Алматылық клубтың намысын қорғаған футболшы «Селтикпен» болған матч туралы ойын ортаға салып, жанкүйерлік еткені жайлы айтты.

«Оренбургке» қарсы ойын болған сол күні. Сол біткеннен кейін «Қайрат» пен «Селтик» ойнап жатты. Ойынды тек мен емес, бес бала болып көрдік. Бапкерлік құрам да тамашалаған. Оның ішінде Анатолий Тимощук те қарап отырды теледидарды қосып қойып. Содан, бірінші таймды толық стадионнан қарадық, артынан ұшаққа мінгенде пенальтилер сериясын тамашалаған болатынбыз. Сөйтіп, ұшақтың ішінде бәрі мені құттықтаған еді. Ешкім шет қалған жоқ бразилиялық легионерлер бар, ресейліктер де шын-жүректен қуанып, тілектестігін білдірді», - деді Н. Әліп.

Айта кетейік, ертең Нұралы Әліп командаластарымен бірге ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында Уэльс құрамасына қарсы тұрады. Ал 7-қыркүйекте Бельгияға барады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров