Жарнама
Жарнама

Нұралы Әліп «Қайраттың» тарихи жетістігі туралы пікір білдірді

31.08.2025, 13:09

Санкт-Петербургтың «Зенит» қорғаушысы әрі «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Нұралы Әліп UЕFA Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымында алматылық клубтың топтық кезеңге шыққаны жайлы өз әсерімен бөлісті.

 

Жарнама
Жарнама

«Мен жігіттерге жазып, құттықтадым. Әсіресе қақпашыны жеке құттықтадым. Жақында ұлттық құрамаға барамын. Онда «Қайраттан» көп футболшы шақырылған. Сол жерде де құттықтаймын. Әрине, мен қатты қуандым. Бұл менің клубым. Мен әрқашан олармен бірге боламын. «Қайраттың» Чемпиондар лигасында ойнауы — үлкен жетістік. Бұған дейін клуб ешқашан кәрі құрлықтың басты додасында өнер көрсетпеген. Енді бұл үлкен жолдың бастауы болуы керек», — деді Әліп.

Алматылық «Қайрат» тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Шешуші іріктеу кезеңінде команда «Селтикті» пенальти сериясында жеңіп шыққан болатын.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: